Қазақстандағы этникалық қазақтар: тілдік және әлеуметтік кедергілер және оларды еңсеру жолдары
Бүгін 30-қазан, 2024 жылы Аударма теориясы мен практикасы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Тәжібаева Сәуле Жақсылықбайқызының жетекшілігімен атқарылып отырған ғылыми жоба аясында «Қазақстандағы этникалық қазақтар: тілдік және әлеуметтік кедергілер және оларды еңсеру жолдары» атты халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өтті. Оған жоба мүшелері ф.ғ.д., профессор Жарқынбекова Ш.К., PhD докторы Жұмай Нұрмира, п.ғ.к., доцент Мүтәлі Ә., аға оқытушы Қадысқызы А., Қожахметова Г., PhD докторы Касеекеева А.Б., PhD докторы Шахпутова З. қатысып, баяндама жасады.
Сонымен қатар, ерекше атап өтетін жайт, аталған ғылыми жоба өзектілігімен өзге де зерттеушілердің назарын аударып, ғылыми талқылау жасауға түрткі болды. Ка' Фоскари университетінің (Италия) профессоры, доктор PhD, Ауесхан Р., Минзу университетінің профессоры (Қытай) Әбіш А., Масарик университетінің (Чехия) профессорлары, доктор Michal Schwarz және Ondřej баяндама жасады. Сонымен қатар дөңгелек үстелге Назарбаев университетінің бір топ ғалымдары мен зерттеушілері қатысты. Атап айтқанда, PhD докторы, Назарбаев университеті, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар мектебінің меңгерушісі, профессор Фильченко А.Ю., PhD докторы, Назарбаев университеті, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар мектебінің зерттеушісі Georgia Т., Назарбаев университетінің докторанттары Михайлов Н., Сейтақ Б., Наньян технологиялық университетінің (Сингапур) докторанты Аканов А., PhD докторы, Назарбаев университеті доценті Жұмабай У., Назарбаев университетінің магистранттары Бижанова М., Туралиева Ж., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, түркітану кафедрасының доценті, PhD докторы Сайн Ж. қатысып, өз зерттеулерін ортаға салды.